$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 13:10
Жаңалықтар

Қарқаралы қала мәртебесінен айырылуы мүмкін бе – облыс әкімі жауап берді

Қала мәртебесі тұрғын саны 12 мыңнан асатын қалаға ғана беріледі

Қарқаралы қала мәртебесінен айырылуы мүмкін бе – облыс әкімі жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Қарқаралы қала мәртебесін сақтап қалады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникация алаңында өткен брифингте мәлім етті.

Әкім бұған дейін қаланың мәртебесіне қатысты бірқатар өзгерістер енгізу туралы ұсыныс болғанын атап өтіп, қарқаралықтарды алаңдатқан мәселеге нүкте қойды.

«Қарқаралыда бүгін 9 мыңдай адам тұрады, жалпы норматив бойынша қала тұрғындарының саны 12 мыңнан асуы тиіс. Бірақ Қарқаралының орны ерекше болғандықтан, бұл мәселе бойынша Үкіметпен де, министрлікпен де ақылдасқанбыз. Қазір ондай мәселе жоқ, Қарқаралы қала болып қалады», - деді ол.

Сондай-ақ, әкім Балқаш, Ұлытау өңірлеріндегі жол мәселелері келер жылы жолға қойылады деді.

«Балқашқа баратын жол Қарағандыдан салынып жатыр. Жоспар бойынша, аталған жол жобасы келер жылы аяқталады деп отыр. Осы жылы Балқаш әуежайында ұшу жолағы жөндеуден өтті. Жалпы, аталған өңірдегі  көлік-инфрақұрылым келер жылы толықтай дайын болады. Келесі жылы төрт жолақты бірінші категориялы жол болады», - деді ол.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары