$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 00:24
Жаңалықтар

12 қараша күнгі ауа райы болжамы

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жел, тұман, көктайғақ болады

12 қараша күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

12 қарашада елімізде ауа райы құбылмалы болады. Жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады, түман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал,деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с-ден асып кетуі мүмкін.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20м/с жетеді, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар, Қостанай областарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді, Павлодар облысында күндіз екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары