Коронавирус: Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада бұрынғы карантиндік режим сақталады

Фото: ашық дереккөзден

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан коронавирус таралуы бойынша «сары» аймаққа енгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгінде Нұр-Сұлтан «сары» аймақта. Яғни, «сары» аймақ болған кезде бізде карантин жеңілдетілмейді. Бізде күніне 49 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Сондықтан сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға қатысты жеңілдік жасай алмаймыз, ондай мүмкіндігіміз жоқ», - деді Пірәлиева.

Ол елордада бұрынғы карантиндік режим сақталатынын айтты.