Ол жұмыстан қуылды
Павлодар облысы Май ауданы Ақжар ауылының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Серік Құсайынов 2020 жылғы 9 қарашада Май ауданы Ақжар ауылының әкімі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ақжар ауылының әкімі әкімдікке тиесілі қызмет көлігін мас күйінде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған еді.