Коронавирустан 90% қорғайтын тиімді вакцина жасалды

Автор: Azattyq Rýhy

Клиникалық сынаққа 43 мыңнан астам адам қатысқан

Фото: bbc.com

Ғалымдар коронавирустан 90% қорғайтын тиімді вакцина жасап шықты, деп хабарлайды ВВС.

«Вакцинаны жасаған Pfizer және BioNTech компаниялары бұл оқиғаны ғылым мен адамзат тарихындағы ұл күн деп бағалады. Вакцинаның клиникалық сынақтарына 6 мемлекеттен 43500 адам қатысқан. Вакцинаны қараша айының соңында пайдалануға мүмкіндік алу үшін бұл компаниялар жедел сертификаттауға өтініш бермек», - деп жазады басылым.

Pfizer компаниясының өкілдері жыл соңына дейін 50 млн доза вакцина, ал 2021 жылдың аяғына дейін 1,3 млрд вакцина шығара алатынын мәлімдеді. Дегенмен, жаңа вакцинаның -80°C температурада сақталуы бірқатар қиындық тудыруы мүмкін.

Айта кету керек, қазіргі таңда онға жуық вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр.