Әділбек Жақсыбеков жаңа қызметке тағайындалды
Ақпаратты компанияның баспасөз қызметіндегілер растады
Әділбек Жақсыбеков «ҚазТрансГаз« АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Ақпаратты компанияның баспасөз қызметіндегілер растады.
Жақсыбеков әр жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік кино және Мемлекеттік жабдықтау жүйелерінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорынға жетекшілік етті. 1988-1995 жылдары "Цесна" көпсалалық корпорациясының басшысы болды. 1995 жылы Парламент Сенатына сайланды.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. 1997-2003 жылдары Астана әкімі, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрі қызметтерін атқарды. Содан кейін төрт жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. 2008 жылдың қаңтарынан қазанына дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі болды.
2008-2009 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып жұмыс істеді. 2009-2014 жылдары қорғаныс министрі қызметін атқарды. Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
2014 жылғы 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының (бұрынғы Астана) әкімі болып тағайындалды.
2016-2018 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды.