Бір аптада карантин талаптарын бұзған 1300-ден астам адамға айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 1 329 қазақстандыққа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-парақшасына сілтеме жасап.

«Карантин талаптарын бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланып жатқанына қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына және қаржысына қауіп төндіруде. 2-8 қараша аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша азаматтарға 1 329 әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында – 237, Шығыс Қазақстан облысында-217, Алматы облысында – 106 және Ақмола облысында – 101 фак анықталды.