$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2020, 17:56
Жаңалықтар

Қазақстанның төрт облысында жолаушы пойыздарының кестесі өзгерді

Бұл облыстарда жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады

Қазақстанның төрт облысында жолаушы пойыздарының кестесі өзгерді
Фото: ашық дереккөзден

Жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  «Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық коммиссия шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес келесі СҚО, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарын қатынайтын жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады:

1) 9 қарашадан бастап №705/706 «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызы күнара қатынайтын болса, №31/32 «Павлодар – Алматы» жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша қатынайтын болады.

2) Келесі облыстарда барлық стансаларға билет сатуға және жолаушы отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады:

a) Ақмола облысында Атбасар, Ерейментау, Аршалы стансаларынан, 1, 2 және 3-сыныпты вокзалдар орналасқан Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау курортын қоспағанда;

b) Павлодар облысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл стансаларын қоспағанда;

c) Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная стансаларын қоспағанда;

d) Солтүстік Қазақстан облысында барлық стансалар арқылы жолаушыларды отырғызуға/түсіруге транзиттік жолаушы пойыздарының қозғалысына тыйым салынады

Сонымен қатар, № 68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Өскемен-1» жолаушы пойызының аптасына бір рет жол жүру мерзімділігі және № 351/352 «Алматы-2 - Өскемен-1» жолаушылар пойызының ағымдағы жылдың соңына дейін уақытша күнара қатынауы ұзартылды.

Петропавл стансасынан жолаушы тасымалының пойызымен шығу 3 тәулікке жарамды теріс нәтижелі COVID-19 ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама міндетті түрде болуы қажет. ПТР анықтамасы жоқ жолаушы вагонға жіберілмейді, сондай-ақ теміржол вокзалы ғимаратында күтіп алушы мен шығарып салушыға кіруге тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары