8 қарашада елордада Алаш тас жолының оң жақ жолағы жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Сағат 12.00 бен 18.00 аралығында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі

Фото: astana.gov.kz

8 қарашада елордада жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін, Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағыты бойынша Алаш тас жолының(Бөгенбай батыр көпірі) оң жақ жолағын жабу жоспарлануда,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.