16 мекемеден қонақтар шығарылды
Алматыда 6 қараша түнде санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуына 52 нысан тексерілді. Нәтижесінде 46 нысанның жұмысы тоқтатылып, 16 мекемеден қонақтар шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Тексеру шаралары барысында түнгі топтар маска режимін бұзған 20 адамды әкімшілік жауапқа тартты. Алматыда қарашаның 6-cынан 7-cіне қараған түні қалалық полиция департаментінің 7 тобы бірлесіп, 32 мобильді топ қызмет етті.
Алматы әкімдігі кәсіпкерлік субъектілерінен меншік нысанына қарамастан санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауды сұрайды.