Қостанай облысында жол апатынан 33 жастағы полицей қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оны көлік қағып кетті

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада. 

Тергеуші жұмыстан шығып, үйіне келе жатқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. 33 жастағы Светлана Исаева полицияда 6 жыл қызмет етті.