АҚШ-та Black Lives Matter қозғалысының митингісі басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция шеруге қатысушыларды күштеп ұстауға мәжбүр болды

Нью-Йорктің Манхэттен ауданында Black Lives Matter белсенділері шеру өткізіп жатыр, деп жазады РИА Новости. Олар қолдарына осы қозғалыстың және ЛГБТ қозғалысының туын ұстап алған.

Шерушілер бұған дейін «Трамп пен оның жақтастары наразылық білдірушілерді өлтірді» деп ұрандатқан еді. Бонд көшесі мен Бродвей қиылысында полиция оларды ұстап әкетіп жатыр.

Айта кетейік, Fox News телеарнасының хабарлауынша, Джо Байден Пенсильваниядағы сайлау қорытындысы бойынша Трамптан 0,8 пайыз артта қалды. Телеарна болжамды есептелген дауыстардың 90 пайызына сай мынадай дерек келтірді: қазіргі уақытта Трамп 49,8 пайыз, оның қарсыласы демократ Байден 49 пайыз дауыс жинап тұр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бір жарым тәулік үнсіздіктен кейін мәлімдеме жасаған болатын. Америкалық көшбасшы «тарихи рекордтық сандармен» сайлауда жеңіске жететініне сенім білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, егер дауыстарды заңды санаса, онда оның жеңетіні даусыз.

Байден де қалысар емес. Ол да өзінің сайлауда жеңіске жеткеніне сенімді.

«Санау аяқталған кезде сенатор (вице-президенттікке кандидат Камала) Харрис екеуміз жеңімпаз деп жарияланатынымызға күмәніміз жоқ», - дейді ол.