17 қарашаға ауа райы болжамы
Жексенбі, яғни 17 қараша күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Жексенбі, яғни 17 қараша күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Қазақстанның солтүстік батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумағында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз елдің басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 метр болады.
Алматы облысында түнде және таң ата елдің бірқатар аймақтарына тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында да жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, таң ата және түнде Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, Жамбыл, Қызылорда, облыстарына түнде және таң ата жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.