Қазақстанда авиабилеттер арзандайды

Автор: Azattyq Rýhy

Жақын арада сұраныстың төмендеуі мен жаңа ұшақтардың енгізілуіне байланысты тарифтердің төмендеуі күтілуде

Фото: kp.kz

Жыл соңына дейін FlyArystan авиакомпаниясының паркі екі ұшақпен толығады, - деп хабарлайды Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер. Осылайша, күнделікті рейстер саны екі есеге артып, күніне 28 рейс болмақ.

«Енді әуе сапарларының "қызатын шағы" аяқталған кезде тарифтердің төмендеуін күтуге болады. FlyArystan екі ұшақ сатып алатын болса, сәйкесінше, Эйр Астана мен FlyArystan тарифтерінің төмендеуін күтуге болады», - деді авиакомпания басшысы.

Келесі жылдың соңына қарай FlyArystan-да барлығы 10 ұшақ болады. Бұған дейін Қасым-Жомарт өзінің алғашқы жолдауында монополисті сұраныстағы бағдардағы бағаны өсіргені үшін сынға алған болатын. Ал, «Эйр Астана» өз кезегінде 2-2,5 сағаттық рейстерге олардың орташа бағасы 45 доллардан келеді, яғни «өте төмен» деген.

Тегтер: