$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 18:04
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыста дене жаттығуларын өткізу ережесін бекітті

Оны өткізу ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыста дене жаттығуларын өткізу ережесін бекітті
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс уақыты барысында ұйымдарда дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта жұмыс беруші орындалатын жұмыстардың түрін, еңбек жағдайларын, қызметкерлердің жасы мен жынысын ескере отырып, дене шынықтыру жаттығулары кешенін әзірлеуі тиіс екені жазылған. Физикалық жаттығу басталар алдында үй-жай таза ұсталуы және желдетілуі тиіс. 

«Орта есеппен, әрбір жаттығу жасаушыға кемінде 1,5 шаршы метр бос алаң тиесілі болуы тиіс. Жаттығу жасауға таңдалған орын қауіпсіз болуы керек. Физикалық жаттығу жұмыс күнінің бірінші жартысында жүргізіледі, оны өткізу ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды», – делінген сипаттамада. 

Жаттығулар жиынтығын әр 12-14 күн сайын өзгерту ұсынылады. Ол 2-3 минутқа созылатын кіріспе және негізгі гимнастикадан тұруы керек.

Серіктес жаңалықтары