Нұр-Сұлтанда газ тарифі төмендетілді
Бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін арзандады

Елордада тұрғын үй аудандарында кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғасуда. Тұтынушыларды қосу үшін қажетті шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Мәселен, Железнодорожный тұрғын алабында газ тарату желілері арқылы іске қосу толық қамтамасыз етілген. Көктал-2 және Промышленный тұрғын үй аудандарында кварталкішілік газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды - газ жеткізу құбыры арқылы іске қосылды.
Сондай-ақ, ішкі желілерде пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Көктал-1 тұрғын үй алабында газ тарату желілерінің 90 пайызы тартылды. Бұл жұмыс Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады.
Пайдалану шарты бойынша үйлерді газға және есептеу құралдарына қосудың техникалық шарттарын алу үшін тұрғындар фронт-кеңселерге хабарласуы керек. Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтары да газға ауыстырылды.
Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады, барлық тұрғын үйлер кезең-кезеңімен қосылады.