Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды
Синоптиктер 16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды.
«Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі жексенбі күні кезекті жылумен алмасады. Егер алдағы түнде бұл аймақтарда түнгі ауа температурасы минус 17…25 градус сақталса, жексенбіде түнде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5…13 градусқа жоғарылайды», - дейді "Қазгидромет" өкілдері. О
ңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейтіні айтылады. Батыста жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы күтіледі.