1 қарашадан бастап ШҚО-да жаппай маска тағу талап етіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ережені сақтамағандарға 80 мың теңгеден астам айыппұл салынады

Фото: ашық дереккөзден

1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында үйден кез келген жаққа шығу үшін маска тағу керек. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің 29 қазандағы №23-1 қаулысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі yk.kz-ке сілтеме жасап.

«1 қарашадан бастап облыста үйіңіз немесе пәтеріңіз болып саналмайтын кез келген жерде маска тағу керек. Осы санитарлық ережені сақтамағаны үшін 30 АЕК (80 000 теңгеден жоғары) айыппұл салынады», - деп жазылған хабарламада.