Нұр-Сұлтанда хэллоуин тойлаған жастар жауапқа тартылды

Тыныштықты бұзғаны үшін полицияға 26 адам жеткізілді

Нұр-Сұлтанда хэллоуин тойлаған жастар жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда коттедж жалдап, хэллоуин тойламақ болған жастар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жастар қазіргі шектеулерді ұмытып, мифтік кейіпкерлер стилінде грим жасап, көңіл көтерген. Полицияға көршілер шағым түсірген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Тыныштықты бұзғаны үшін полицияға 26 адам жеткізілді. Олардың ішінде 8 жасөспірім бар.

«Ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйінде болмағаны үшін олардың заңды өкілдерін әкімшілік жауапқа тартты. Балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 18 адамға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, мобильді топ бір тәулік ішінде 344 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 41 рет карантин режимі бұзылғанын анықтады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.