Бақытжан Сағынтаев «Зерделі» шағынауданындағы көпқабатты 3 үйдің іргетасын күшейту жұмыстары жүргізілетінін айтты

Аталған үйлер жер сілкінісіне шыдас бермеуі мүмкін

Бақытжан Сағынтаев «Зерделі» шағынауданындағы көпқабатты 3 үйдің іргетасын күшейту жұмыстары жүргізілетінін айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы «Зерделі» шағынауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Қала басшысы мұндағы көпқабатты үйлердің іргетасын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сағынтаевтың айтуынша, Зерделіде 2016 жылы 6 үйдің іргетасы нығайтылған. Бұл жұмыстарды кепілдік міндеттемелер негізінде мердігер компаниялар өз қаражатына жасаған. Биыл әкімдіктің тапсырысы бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары қалған 24 тұрғын үйдің негіздері мен көтергіш конструкцияларына тексеру жүргізеді.

«Бүгінде 7 үйді нығайту бойынша қорытынды берілді. Соның ішінде 4 үй бойынша негіздерді нығайту жұмыстары аяқталды (1/160, 1/161, 1/179, 1/180). Қазіргі уақытта 3 үйді күшейту жұмыстары жүргізілуде (1/165, 1/167, 1/168). Қалған 17 үй бойынша тексеру жұмыстары қолға алынып, оның аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айына белгіленді. Қорытынды шыққаннан кейін қажет болған жағдайда күшейту жүргізіледі», - деді Б. Сағынтаев тұрғындармен болған кездесуде.

«Зерделі» ықшамауданындағы 9 қабаттан тұратын 30 көппәтерлі тұрғын үй 2012-2016 жылдары бой көтерген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.