$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2020, 09:29
Жаңалықтар

Пневмониядан тағы бір адам көз жұмды

Өткен тәулікте 174 адамның коронавирустық пневмония жұқтырғаны анықталды

Пневмониядан тағы бір адам көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте 174 адамның коронавирустық пневмония жұқтырғаны анықталды. 43 адам аталған індеттен жазылып шықса, 1 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 37 379, өлім жағдайлары – 397. Барлығы 28 659 адам сауығып шықты.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 201 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 287 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 289 науқас жатыр.  912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 117 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Серіктес жаңалықтары