29 қазан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

29 қазан күні Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, қар мен жаңбыр жауады. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл облысының жекелеген аумағында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.