Kaspi.kz техникалық ақау үшін тұтынушыларынан кешірім сұрап, 5% бонус сыйламақ
Қазіргі сәтте Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызметтер жұмыс істеп тұр
Kaspi Gold пен Kaspi Red-тің Kaspi QR арқылы жасалған әрбір төлемі үшін 5% бонус беріледі. Банк басшылығы бүгінгі ақау үшін миллиондаған тұтынушыларынан кешірім сұрап, қолдау көрсеткендеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазіргі сәтте Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызметтер жұмыс істеп тұр. Клиенттердің барлық қаражаты орнында және шотта дұрыс көрсетіліп тұр.
«Біз қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және біздің сүйікті клиенттерімізге қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз!
29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi QR арқылы жасалған Kaspi Gold және Kaspi Red-тің әрбір төлемі үшін 5% бонус сыйлаймыз. Фейк хабарламаларға назар аудармаңыздар. Біз әрқашан сүйікті клиенттерімізге кез келген оқиға туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымызда хабарлап отырамыз»,- делінген банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.