Биыл Қазақстанда мыңнан астам шенеунік парамен ұсталған

Қызмет бабын асыра пайдаланатындар жағынан Алматы облысы көш бастап тұр

Биыл Қазақстанда мыңнан астам шенеунік парамен ұсталған
Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері елімізде бір мыңнан астам шенеунік парамен ұсталған. Бұл өткен жылғыдан 10 пайызға көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Пара алу антирекордында Алматы облысы көш бастап тұр. Ал екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы, үшінші орында Батыс Қазақстан облысы бар. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парақорлардың қолынан қағу үшін заңды күшейтуге барынша күш салып жатыр.

«Жемқорлар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою, шенеуніктер үшін шетелдік шоттарға тыйым салу және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін санкцияларды қатаңдату осы жылдың соңына дейін заңды түрде іске асырылады», - деді Сыбайлас жепқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Нұрбек Нәбиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.