27.10.2020, 22:56
Жаңалықтар
1 қазаннан бері Қазақстанға шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталды
Тестінің мерзімі өтіп кеткен 31 азамат депортацияланды
Фото: ашық дереккөзден
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанда 1 қазаннан бері шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«1 қазаннан бастап 7540 жолаушы ПТР-тест жасау үшін екі күндік карантинге жатқызылды. Оның ішінде 39 адамнан коронавирус анықталды. Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкен, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қарағанды қалаларына карантинге жатқызылды», - деді Байғабылов.
6 қазаннан бастап қаулыға сәйкес шетел азаматтары бортқа ПТР-тестсіз кіргізілмейді. Осы уақытта тест мерзімі өтіп кеткен 31 азамат депортацияланды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды