Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 қазанда бұл облыстарда жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның жеті облысында 27 қазан күніне қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде  күндіз және таңертең оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 23 м/с жетеді. 

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады. 

Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр, қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде күші кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, 23-28 м/с жетеді. 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.