$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2020, 21:01
Жаңалықтар

2 қарашадан бастап мешіттерде ұжымдық намаз оқуға рұқсат берілді

Залда адам саны 100-ден аспауы керек

2 қарашадан бастап мешіттерде ұжымдық намаз оқуға рұқсат берілді
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz-ге сілтеме жасап. 

Комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.

«Биыл 2 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге рұқсат етілсін, бірақ залда адам саны 100-ден аспауы керек. Сонымен қатар 2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау міндетті», - делінген комиссия шешімінде.

Сонымен қатар комиссия 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың да жұмыс істеуіне рұқсат етті. Мұнда да әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау талап етіледі.

Серіктес жаңалықтары