ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келетін жолаушылардың саны азаяр емес

Жолаушылар халықаралық рейспен Түркия, Египет, БАӘ, Беларусь елдерінен келген

Фото: ашық дереккөзден

26 қазанға қараған түні Қазақстанға шет елдерден 10 халықаралық рейспен 1274 жолаушы ұшып келген. Қала әуежайларына қонған 1110 жолаушыда тиісті анықтама болса, 164 Қазақстан азаматында ол болмаған.

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 5 рейспен 462 жолаушы келген (416 жолаушыда анықтама болса, 46-ында жоқ).
  • Алматы қаласының әуежайына 4 рейспен 747 жолаушы келген (636 жолаушыда анықтама болса, 111-інде жоқ).
  • Ақтау қаласының әуежайына 1 рейспен 65 жолаушы келген (58 жолаушыда анықтама болса, 7-інде жоқ).

Қазақстанға тиісті анықтамасыз келген жолаушылардың бәрі ПТР-тест тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы карантиндік стационарларға жеткізілген.

Жолаушылар халықаралық рейспен Түркия, Египет, БАӘ, Беларусь елдерінен келген.

Еске сала кетейік, 26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін жолаушылардың бәрінде, оның ішінде Қазақстан азаматтарында ПТР-тесттен өткені туралы анықтамасы болуы міндетті.