Ақмола облысында жол апатынан қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер беріледі
15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапқан еді

Ақмола облысында жол апатынан қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймұрзин Щучьеде жол апатынан қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасымен кездесудн айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Департамент басшысы қаза болған әріптестері - Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидулиннің отбасыларына мемлекеттен бөлінетін өтемақыны алу мерзімі мен ережесін түсіндірді. Сонымен қатар жол апатынан қаза болған Қ. Отарбаевтың отбасына пәтер беру, ал Қ. Хамидулиннің жанұясына жалдамалы қордағы пәтерді жекеменшігіне беру мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.
Еске салайық, 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапқан еді.