$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2020, 17:38
Жаңалықтар

Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жариялады

Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

26 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен тоғыз облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында қалың тұман, қатты көктайғақ, нөсер жауын, 21 м/с екпіндегі жел болжанады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жететіні күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде оның күші түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с артуы ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Ақмола облысында жауын-шашын (күндіз көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғып, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 27 қазанда екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары