Үш раундқа жоспарланған кездесу алғашқы раундта аяқталды
Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтіп жатыр. Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов көптен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра болды. 32 жастағы Оливейра бүгін 19-жекпе-жегіне шықты. «Сарбаздар аралында» өткен жекпе-жек қазақстандық файтердің жеңісімен аяқталды. Үш раундқа жоспарланған кездесу алғашқы раундта аяқталды», - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, Шавкат Рахмонов өзінің мансабындағы 13-жекпе-жегінде жеңіске жетті.