Бес жасар қызды құтқармақ болып омыртқасына зақым келген көкшетаулық аяққа тұрды
Төрт жыл төсекте тапжылмай жатқан қария осыдан бір ай бұрын қайтадан қимыл-қозғалысқа келген
Бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарам деп бел омыртқасына зақым келген көкшетаулық Николай Панюшкин аяққа тұрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Евгений бұдан 4 жыл бұрын көп қабатты үйдің балконынан құлаған 5 жасар баланы жерден қағып алып, өзі жарақат алған. Содан бері төсек тартып жатқан қария осыдан бір ай бұрын қайтадан қимыл-қозғалысқа келген. Батыр жан қазір дәрігерлердің айтқан жаттығуларын жасап, дәрі-дәрмегін қабылдап жүр. Бастысы – өз еркімен жүріп-тұра алады.
«Қалай ауырғанымды сөзбен айтып жеткізу емес. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым. Әйеліме масыл болмайын деп, өмірмен қош айтысуды да ойладым. Бірақ көрер жарығым бар екен. Енді қазір ол қиындықтың бәрі артта қалды», - дейді Николай Панюшкин.