Коронавирус пандемиясының ең қиын кезеңі келе жатыр - ДДСҰ

Автор: Azattyq Rýhy

ДДСҰ басшысы көптеген мемлекетте COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артқанын мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлемді пандемияның ең ауыр айлары күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Біз COVID-19 пандемиясының ең ауыр кезеңіндеміз. Әсіресе, солтүстік шартышарда жағдай қиын. Келесі бірнеше ай өте ауыр болады және бірқатар мемлекет қауіпті бағытта келеді. Көптеген мемлекетте коронавирус жұқтырғандар санының күрт артқаны байқалады», - деді ДДСҰ басшысы.

Оның айтуынша, мемлекеттердің басшылары апатты жағдайға жетпеу үшін барлық шараны қабылдауы керек.