Басылымдардың атаулары өзгеріссіз қалады
«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская Правда» басылымдары Жаңа жылдан бастап бірігеді. Олар ЖШС дәрежесінде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Ақпарат министрлігі Аида Балаева ОКҚ өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторлар бюджетті оңтайлы пайдалану мақсатында жұмыс істеп жатыр. Ал мекемелердің бірігулер дәл сол қаражатты тиімді пайдалану жұмыстарына бағытталған. Яғни, бұл тек шаруашылық-әкімшілік қызметтерге ғана тиесілі. Мұндай шешімнің шығармашылық жұмысқа еш кедергісі болмайды. Біз бұған дейін болған сәтсіз тәжірибелердің барлығын ескердік. Сондықтан да қазіргі уақытта нақты алгоритм құрылған» - деді министр Аида Балаева.
Министр басылымдардың брендке айналған атаулары өзгеріссіз қалатынын ескертті. Сонымен қатар бұл өзгерістен соң артынша елімізде «Қазақ газеттері» АҚ құрылатынын айтты.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан