Ертең елімізде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады

Автор: Azattyq Rýhy

Түнде солтүстік және орталық өңірлерде 5-13 градус, оңтүстік аймақтарда 3 градус аяз болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ауа райының салқындауымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді», - делінген хабарламада.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады.Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді

.