Тыйым салынатын дәрілік препаратты заңсыз саудалағаны үшін аталған тұлға қылмыстық жауапқа тартылатын болады
Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері психотроптық дәріні заңсыз сатудың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«2019 жылдың 4 қарашасының сағат 17.40 шамасында Атырау қаласы аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында А.Құнанбаева көшесі, 30 «А» үйінің жанында 45 жастағы тұрғынды жеке тінту барысында дәрігердің рұқсатынсыз сатуға тыйым салынған 40 дана трамадол және 25 дана тропикамид дәрілері табылып, тәркіленіп алынды. Дәрігердің нұсқауы бойынша қатаң түрде тиым салынатын дәрілік препаратты заңсыз саудалағаны үшін аталған тұлға қылмыстық жауапқа тартылатын болады» деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі-тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.