Осыған байланысты 12 облыста күшейтілген шаралар қабылданды
Елдегі эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты. Сонымен қатар, соңғы аптада аймақтарда COVID-19 шалдыққандар қатары 14% өскен. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өткен аптада аймақтарда COVID-19-бен сырқаттанушылық 14%-ға артқаны байқалды. Сонымен қатар, аурудың 66 %-ы 6 облыста: Нұр-Сұлтан (93), Алматы (73), Солтүстік Қазақстан (82), Шығыс Қазақстан (80), Павлодар (64) және Атырау (54) облыстарында тіркелді», - деді А.Ғиният.
Осыған байланысты аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 12 облыстың - Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан, БҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдіктері күшейтілген шаралар қабылдады.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан