ШұғылКоронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы аса ауыр – ДСМ

Оқу жылы басталғалы 250 оқушы COVID-19 вирусын жұқтырған

Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді 

Фото: ашық дереккөзден

Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ-дің 250 жағдайы тіркелді, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

«Кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 105 жағдай тіркелді, 1426 адам байланыста болған, олардың 19-нан ауру анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді, 348 адам байланыста болған, 22-інен ауру анықталды»,- деді вице-министр. 

Айта кетерлігі, өңірлерде әсіресе, ШҚО-да науқас көп тіркелген – 69 адам немесе республика бойынша жалпы жағдайдың 31%-ы. СҚО-да 30, Қарағандыда 26, Қостанай облысында 17 жағдай тіркелген.

«Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған мектептердің арасында  талаптарды орындамаған оқу орындары бар. Бұл мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді»,- деді вице-министр.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан