Шымкенттік судья жазбасына лайк баспаған әріптестеріне реніш білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Әбинұр Қарабаев – Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Фото: elitar.kz

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына лайк баспаған әріптестеріне ренішін білдірді.

«Мен әрдайым әріптестерімнің жазбасына қолдау білдіріп отырамын. Лайк басып, репост жасап, пікір қалдырамын. Неге екені белгісіз, әріптестерім алқабилер сотына қатысты қолдау көрсетпеді. Енді мен де оларға қолдау білдірмеймін», - деп ренішін жеткізді.

Судьяның бұл жазбасына желі қолданушыларының көбі қолдау білдіріп, судьялар мен адвокаттар оның жазбаларын оқып тұратынын және ол үшін әріптестеріне ренжімеуін өтініп, пікір қалдырды.