Қазақстан Токио олимпиадасына қанша лицензия алып үлгерді?

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық спортшылар 2020 жылы өтетін Токио олимпиадасына 105 лиценция алуды жоспарлап отыр

2020 жылы Жапония астанасы Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының еншісінде әзірге 14 түрінен 25 лицензия бар.

«Ұлттық құраманы 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына дайындау бойынша кешенді жоспар жасалды. Басты мақсат – төртжылдықтың басты додасы үшін олимпиада жолдамаларына қол жеткізу», - деді ОКҚ-да өткен брифингте спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сәпиев.

Оның айтуынша, осы жылдың соңына дейін ұлттық құрама 28 лицензиялық Әлем чемпионаты, 19 Азия біріншілігі мен 12 әлемдік іріктеу турниріне қатысады. 2020 жылы 3 Әлем чемпионаты, 19 Азия және 18 Әлемдік турнирлерінде өнер көрсетеді. Жоспарланған жарыстардың қорытындысы бойынша, 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кем болмайтын лицензия алу жоспарланып (32 спорт түрінен 105 лицензия) отыр.

«Бүгінде ұлттық құрама еншісінде 14 спорт түрінен 25 лицензия бар», - деді Серік Сәпиев.