$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2020, 13:09
Жаңалықтар

Ақтөбеде 3 жасар баладан коронавирус инфекциясы анықталды

Облыста барлығы 3273 адамнан COVID-19 вирусы анықталған 

Ақтөбеде 3 жасар баладан коронавирус инфекциясы анықталды

Соңғы тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі 3 жасар бала, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. 

Ақтөбеде 46 жастағы әйел жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Кейін одан ПТР сынамасы алынып, вирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін оның Ресейге барғаны белгілі болды.

«Шалқар ауданының 28 жастағы тұрғыны өз еркімен сынама тапсырып, одан КВИ анықталды. Сонымен бірге 3 жастағы ақтөбелік те COVID-19 вирусының симптомсыз түріне шалдықты. Бала балабақшаға бармайды. Бұрын әкесі КВИ-дің симптомсыз түріне шалдығып, ұлынан ПТР сынамасы алынған болатын», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, облыста барлығы 3273 жағдай тіркелді. Олардың 3218-і, яғни, 98,4% жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантинінде 71 адам жатыр.

Серіктес жаңалықтары