$ 512.34  582.07  6.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2020, 09:32
Жаңалықтар

Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдады

Қала әкімі мұның көптен күткен шешім екенін айтты

Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдады

Ұзақ уақыттан бері қоғам талқысына түсіп, шешімін таба алмаған Алматыдағы жылу электр станциясын газдандыру мәселесіне нүкте қойылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Көптен күткен Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды. Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады», — деп жазды Б.Сағынтаев.

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған қазандық агрегаттарын жаңғыртып, ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру арқылы оған жұмсалатын еңбек пен құн шығынын оңтайландыру бойынша қайта құру нұсқасы таңдалды.

Модернизациялау жұмыстары қоршаған ортаны күкірт оксиді және күлмен ластамауға мүмкіндік береді. Ауаға тарайтын азот оксиді мен көмірқышқыл газының мөлшері минимумға дейін азаяды.

Серіктес жаңалықтары