Соңғы тәулікте 341 мыңнан астам адам тіркелген
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 39,8 миллионнан асты. Пандемия басталғалы коронавирустан 1 млн 111 мыңнан астам адам көз жұмып, 27,4 млн адам жазылып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сілтеме жасап.
Коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша АҚШ (8,1 млн), Үндістан (7,4 млн), Бразилия (5,2 млн) көш бастап тұр. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Ресей (1,3 млн), Аргентина (979 мың), Колумбия (952 мың), Испания (936 мың), Перу (862 мың), Мексика 847 мың) мен Франция (843 мың) кіреді