Коронавирус D дәруменінің тапшылығын тудырады

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай тұжырымды ресейлік ғалымдар жасады

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус D дәруменінің тапшылығын тудырады. Ресейлік ғалымдар COVID-19 жұқтырғандардың жағдайын зерттей келе, осындай тұжырым жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

D витаминінің жетіспеушілігі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында COVID-19 диагнозы қойылған пациенттердің 71%-ында анықталды.

Олардың 36,3 пайызында осы өмірлік маңызы бар дәруменнің аса көп мелшерде жетіспеушілігі анықталды.