ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 54 қазақстандық қайтыс болды

Жыл соңына дейін 5 331 елдімекен интернетпен қамтамасыз етіледі

Қазіргі уақытта 6 459 елдімекен әр түрлі технологиялар бойынша ғаламтормен қамтылған

Фото: ашық дереккөзден

Интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бірінші жоба - бұл ГЧП механизмі арқылы оптикалық интернетті тарту. Жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық линия тартылса, биылғы жылы 944 ауыл қосылуда. Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді», - деді министр.

Ал екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар елдімекендерге арналған. Бұл жоба аясында 928 ауыл 3G және 4G, FWA технологиясы бойынша мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта оның 72-сі мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта 6 459 елдімекеннің 118 қаласы мен 4 558 ауылы ADSL, FTTx, 3G және 4G технологиялары бойынша интернетпен қамтамасыз етілген.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан