Петропавлда жоғалып кеткен 8 жасар қыз алты сағаттан кейін табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол таңертең сағат 10.00 шамасында дүкенге кетіп, үйіне оралмаған

Фото: баспасөз қызметінен

Петропавлда жоғалған 8 жасар қыз алты сағаттан кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Петропавл тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан. Қыз таңертең сағат 10.00 шамасында дүкенге кетіп, үйіне оралмаған. Ата-ана баласын 4 сағат іздеп, полицияның көмегіне жүгінген. Қызды полицейлер екі сағаттан кейін тапты», - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызды ойнап жүрген жерінен тапты. Ол үйіне аман-есен қайтарылды.