Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Azattyq Rýhy

Абаттандырылған екінші деңгейлі тұрғын үй бір жыл ішінде 7,5% қымбаттаған

Фото: ашық дереккөзден

2019 жылғы қазанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 289,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылғы қазанға қарағанда 9,3% артық (265,3 мың теңге). Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy тілшісі 7kun.kz-ке сілтеме жасап.

Абаттандырылған екінші деңгейлі тұрғын үй бір жыл ішінде 7,5%, шаршы метр үшін 184,9 мың теңгеден 198,7 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 8,6%, 1,5 мың теңгеге дейін көтерілді.

Сонымен қатар, өткен аймен салыстырғанда республика бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сату бағасы 1,5%, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату — тиісінше 0,7% өсті. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,9% жоғары болды.

Өңірлік бөліністе тұрғын үйдің ең жоғары бағасы үш мегаполис пен Атырауда тіркелді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Ақтөбеде жылжымайтын мүлік құны арзан.

‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Давос-2020: Трамп экобелсенділерге қарсы шықты, Тунберг балалардың болашағына алаңдайтынын айтты
Ресей үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат