«Ұшақтан у шашып жатыр»: Маңғыстау облысында видеоға қатысты түсінік берілді

Әлеуметтік желіде әйелдің «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деп айтқан видеосы тарап жатыр

«Ұшақтан у шашып жатыр»: Маңғыстау облысында видеоға қатысты түсінік берілді
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деп айтқан видеосы тарап жатыр. Осы видеоға қатысты Ақтау Халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бұл – ұшақтың қозғалтқышынан шыққан конденсат. Ол жерге түспейді. Ұшақ ұшатын биіктіктегі ауа температурасы – 60 градус. Ұшақтан шыққан ыстық ауа салқын ауамен араласып, қатып қалады. Бірақ 4-5 минут өткеннен кейін ауада шашырап кетеді», - деді Ерғазы Жолдасов.

Оның айтуынша, конденсаттың түсі күн сәулесі қалай түстетініне байланысты өзгеріп отырады: күн шыққанда және батқанда қызыл түс береді, ал күндіз ақ болып көрінеді; қараңғы уақытта көгілдір болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.