Алматыда мәйітхана директоры 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол тергеу изоляторына қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда мәйітхана директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық патологоанатомиялық бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры ұсталды. Ол кәсіпкерден қалада салынып жатқан патологоанатомиялық бюроны медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою үшін кәсіпкерден 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді», - деп жазылған хабарламада.

Ол тергеу изоляторына қамалды