$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2020, 21:38
Жаңалықтар

Карантин: Нұр-Сұлтанда 100-ден астам мектеп тексерілді

Сондай-ақ 29 балабақшаның да санитария талаптарына сәйкестігі тексерілді

Карантин: Нұр-Сұлтанда 100-ден астам мектеп тексерілді
Фото: astana.gov.kz

Оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтанда барлығы 105 мектеп тексерілді, оның 89-ы мемлекеттік, 16-сы жекеменшік. Сондай-ақ 29 балабақша (10 мемлекеттік және 19 жекеменшік) тексерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.

«Барлық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс істейді. Балалардың мектепке дейінгі ұйымға баруы ата-ананың келісімі негізінде жүзеге асырылады. Ол болмаған жағдайда бала карантин кезеңінде мектепке дейінгі ұйымда өз орнын сақтайды», - деп атап өтті білім басқармасы.

Сондай-ақ, мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша санитарлық ережелерге сәйкес 1-4 сыныптар үшін кезекші топтар ұйымдастырылады. Барлығы елордада 3011 кезекші сынып бар, оған 40 400 оқушы қабылданды.

Кезекші сыныптар қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Ата-аналар балаларды оқу күні басталғанға дейін мекеменің алдыңғы есіктеріне ертіп барады және сабақ аяқталғаннан кейін оларды кіре берісте қарсы алады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін мектептерде белгілер қойылады. Сыныптар әр сабақтан соң желдетіліп, кварцпен өңделеді.

Серіктес жаңалықтары